Адами капитал

Құрлық әскерлерінің әскери институтында соғыс және ҚР ҚК ардагерлеріне құрмет көрсетілді (ФОТО)

Құрлық әскерлерінің әскери институтында өз өмірінің көп бөлігін қызметке арнаған ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері –оқытушылар мен командирлердің басын қосқан салтанатты мереке өтті.
Алматы қаласы 02 Наурыз, 08:51

ҚӘӘИ бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Руслан Қабдулинов құттықтау сөз сөйледі. Ол осы оқу корпустарын қысылтаяң кезде тұрғызған қарттарды құрмет етуді және қастерлеуді, көзінің қарашығындай сақтауды жәнеа рдагерлеріміздің ұлағатты дәстүрін жалғастыру қажеттігін курсанттарға жеткізді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.

Ұлы Отан соғысының ардагері Григорий Михайловты Руслан Төлегенұлы ерекше атап өтті. Ол Пушкин атындағы танк училищесін бітіріп, кіші лейтенант атағын алғаннан соң нағыз майдан ортасына түсті, Берлин түбіндегі ұрыстарға, Жапон армиясын талқандауға қатысты.Кеңес Одағының екі мәрте батыры, 1970 жылы Кеңес Одағының маршалы И.С.Конев атындағы жоғарғы жалпы әскеикомандалық училищесі құрылған күннен бастап қызмет етті. 1979 жылы отставкаға кетті, одан кейін Азаматтық қорғаныс органдарында ұзақ уақыт қызмет етті.

Атап айтсақ, фашистік құрсаудан құтқаруда барлық кеңес халқының қатарында әр алтыншы қазақстандық ерлікпен шайқасты, атылған он оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан жасалды. Қазақстан Қызыл армияның үздік бөлімдері мен құрамалары қалыптасқан қуатты әскери лагерге айналды.

Салтанатты іс-шарада Панфилов дивизиясы гвардияларының, Бауыржан Момышұлының, сондай-ақ жиырма жылдан соң Кеңес Одағының батыры атағын алған Сағадат Нұрмағамбетовтың қаһарман ерліктері айтылды.

Ардагерлерді құттықтауға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, музыка шебері Жәмила Серкебаева келді. Майталман скрипкашы тыңдаушылардың көңілін толқытқан классикалық әуендерді орындады.





Яндекс.Метрика