Халықаралық интеграция

ҚР СІМ ДИАҚ мен ЕҚЫҰ ПА-ны президенттік сайлауды бақылау үшін шақырды

Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің отырысында ұйымға қатысушы мемлекеттерге ү.ж. 26 сәуірінде Президенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылданғаны жөнінде хабарлады.
Әлемде01 Наурыз , 10:04

«Кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі бастамашылық жасады және Парламенттің қос палатасының депутаттары және 6 саяси партияның, 18 республикалық қоғамдық бірлестіктің, 500 өңірлік үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіретін Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы қолдау білдірді», - делінген СІМ хабарламасында.  

Қазақстан сайлау заңнамасына толықтай сәйкес әділ, ашық және адал сайлау өткізетініне міндеттенетіні және халықаралық байқаушыларға үлкен мән берілетіні туралы атап өтілді. Осыған орай, Қазақстан СІМ-і  ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросын және Парламенттік Ассамблеясын өздерінің байқаушы миссияларын құруға шақырды және аталған мәселе бойынша осы құрылымдармен консультацияларды бастады.




Яндекс.Метрика