G-global

ҚР ӘМ G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында онлайн-бейнеконференция өтті

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында «Кеңестік тауар таңбаларын пайдалану мәселелері. Кеден Одағы елдерінің аумағындағы ұқсас тауар таңбаларын пайдалану барысында туындаған мәселелерін шешу жолдары» «Тауар таңбаларын тіркеу, бизнес әлемі шеңберіндегі өміршеңдік қажеттілігі» тақырыбына онлайн-бейнеконференция өтті, деп ведомстводан хабарлады.
Астана қаласы28 Ақпан , 17:31

Бейнеконференцияға аумақтық әділет органдарының қызметкерлері, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорын, өңірлік «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорын, Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдер, бизнес – құрылымының құқық иеленушілері қатысты. 

Бейнеконференцияда ұқсас тауар таңбаларын, «кеңестік тауар таңбаларын» пайдаланудан туындаған, тауар таңбаларын белгілеу талаптары, біртектес тауарларды ажырату функциялары, нарықтағы ұқсас тауар таңбаларының кездесуі және де тауар таңбасын белгілеу мәселелері қаралды.

Өндірушілердің қызмет саласына сәйкестігіне байланысты, тіркелетін тауар таңбаларын қатысты тауар және көрсетілетін қызмет тізбесін дұрыс толтырудың маңыздылығы туралы, тіркелуге жіберілетін тауар мен қызмет саласын нақты белгілеу керек  екені аталып өтті.

Сонымен қатар тіркелген тауар таңбалары иеленушілердің құқықтары мен қоса Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құқық иеленушілердің міндеттері айтылды.

Бейнеконференция диалогы барысында қатысушылардың қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берілді.




Яндекс.Метрика