Адами капитал

ҚР ҚМ әскери қызметшілері жауынгерлік атысқа жаңа тәсіл енгізді

Алматы облысында десанттық-шабуыл бригадасының басшылық және жеке құрамы ҚР ҚК ҚӘ Аэроұтқыр әскерлері 32363 әскери бөлімінде жауынгерлік атысқа қатысуда.
Алматы28 Ақпан , 15:21

Десантшылар взвод құрамында атыс қаруынан ату, брон-транспортерді ұрыста қолдану, сондай-ақ жарықшақты қол гранаталарын лақтыру ерекшеліктерін меңгеруде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.  

10-20 ақпан аралығында жауынгерлік атыстар бөлімшелер құрамында өтсе, ал наурыз бен сәуір айларында осы тәжірибелік сабақтар әскери бөлімнің роталары мен батальондарын тартумен өткізіледі.

Осылайша, кезеңдік жауынгерлік жаттықтыру және барлық деңгейдегі іс-қимылды әзірлеу бөлімшелерден батальондарға біртіндеп ауыса отырып өткізіледі. Шартты жауынгерлік тапсырманы орындау келешекте оқу-жаттығулар барысында кіші және үлкен құрамаларда жеке құрамның жаттыққан, айқын және жылдам іс-қимылына қол жеткізуге мүмкіншілік береді.

Осындай жауынгерлік атыстар оқу жоспарына сәйкес жыл сайын өткізіледі. Атап айтсақ, бөлімше құрамында (әскер түріне қарай) шамамен 4-5 әскери қызметші болады, взвод үш бөлімшеден немесе 15-20 адамнан тұрады, бір рота әскери қызметшілерінің саны 60-қа жуық әскери қызметшіні құрайды, батальон орташа есеппен 300 адамнан тұрады.
 




Яндекс.Метрика