Евразиялық одақ

ЕЭК коллегиясының отырысында ЕАЭО-да ортақ газ, мұнай мен мұнай өнімдері нарығын қалыптастыру мәселелері қаралды

Мәскеуде ЕЭК коллегиясы жанындағы Мұнай мен газ бойынша кеңес беру комитетінің Энергетика мен инфрақұрылымдар бойынша коллегия мүшесі (министр) Таир Мансуровтың төрағалығымен өткен отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ, мұнай мен мұнай өнімдері нарығын қалыптастыру қаралды.
Әлемде01 Наурыз , 11:15

Алқа мәжілісінің жұмысына Қазақстан, Ресей, Беларусия мен Армения  елдерінен келген ведомсвто мен министрліктердің өкілдері қатысты.

Кеңесті ашқан Таир Мансуров атап өткендей, Одақтың мұнай саласындағы негізгі міндеттері ЕАЭО туралы Келісімде аталып көрсетілген.   Онда ортақ газ, мұнай және мұнай өнімдері нарығын кезең-кезеңімен құру және мұнайгаз ресуртстарын тасымалдау жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету көрсетілген. Аталмыш тұжырымдамалар Келісімге сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесімен бекітілуі тиіс.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Кеңес беру комитетінің мүшелері Келісім жобасын мақұлдады. Құжатты ЕЭК Коллегиясының қарауына ағымдағы жылдың наурызында беру көзделуде. 




Яндекс.Метрика