Адами капитал

Қазақстанның барлық аймақтарында Жеңістің 70-жылдығы аталып өтуде (ФОТО)

ҚР Қорғаныс министрлігінің ансамблі Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай концерт өткізді, деп хабарлады ҚР ҚМ.
Астана қаласы 01 Наурыз, 19:51

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, интернационалист-жауынгерлерге, ҚР ҚК әскери қызметшілеріне, Жас Ұлан мектебінің тәрбиеленушілеріне арналған концерт сахнасында көптен сағындырған жеңіс әндері шырқалды. «Это просто война», «Тучи в голубом», «Ехал я из Берлина», «Эх дороги», «Солдатская полька», «Әлия», «Бейбітшілік сақталады, «Бейбіт күн тірегі» және Нұрлан Нұртазиннің Кеңес Одағының батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке арналған «Сағадат» әні көпшіліктің жүрегіне жол тапты.

Атап айтсақ, бұл ҚР Қорғаныс министрлігінің ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар аясында өткен айтулы шаралардың бірі саналады.

Сонымен қатар, Алматы облысында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына дайындалу және мерекелеу аясында «70 жұлдызды күн» акциясы басталды. Талдықорған гарнизонының әскери қызметшілері ҰОС ардагерлерінің құрметіне салтанатты түрде концерт өткізген І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында акция өткізу басталды.

Сахнаға 18404 әскери бөлімі оркестрінің бастығы капитан А.Отановтың басшылығымен (18404 ә/б және 21751 ә/б) Талдықорған гарнизонының біріккен әскери оркестрі шықты. Сонымен қатар, мәдениет сарайының фойесінде қару-жарақ (атыс қарулары) және кітаптар мен журналдар көрмесі өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын атап өтуге Қарулы Күштерде және бүкіл мемлекеттерде талай іс-шаралар өткізілетін болады.

70-жылдықтың мерейтой іс-шараларын атап өтудің негізгі желісі Астана қаласында 7 мамыр күні өтетін әскери парад болып отыр.  Парадқа даярлық жоғарғы деңгейде өтуде, бұл жылғы парад тарихи және заманауи кезеңдерді, сондай-ақ соғыс ардагерлерін көрсетуімен ерекшеленеді. 





Яндекс.Метрика