Адами капитал

ИРБИС іздеушілер жасағы ӘҚК Әскери институтының курсанттарына барып қайтты (ФОТО)

ИРБИС іздеушілер жасағының басшысы Юрий Соловьев Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттарымен сұхбаттасты. Ол өз жасағындағы қызметі жайында әңгімелеп берді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 01 Наурыз, 15:29

ИРБИС іздеушілер жасағы Ұлы Отан соғысының шайқастары өткен жерлерде қазба жұмыстарын жүргізеді. Іздеу жұмыстары кезінде 950-ге жуық адамның сүйектері табылды, олардың ішінде Ақтөбе облысының тумасы анықталды. Ә

ҚК Әскери институтының курсанттарына табылған артедеректер: шойын каскалар, неміс шлемдері, ППШ автоматы, шмаузерлер және басқа да түрлі заттар көрсетілді.

Айта кетерлік жайт, Ақтөбе қаласының ИРБИС іздеушілер жасағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде ұрысдалаларында қаза тапқан сарбаздардың денелерін іздеумен айналысып келе жатқанын атап өткен жөн. Осынысымен экспедиция мүшелері хабар-ошарсыз кеткендер есебіндегі, туыстары олардың жоғалу себебінен бейхабар болып отырған, құрбан болған жауынгер Отан қорғаушылардытабуға бар күшін салуда.
 





Яндекс.Метрика