Мәдениетті жаңғырту

Абайдың 170 – жылдығына арналған байқауға 90 конкурсант қатысты

Көкшетаудағы Ш.Уалиханов атындағы мемлекеттік университетте Абай Құнанбаетың 170-жылдығына арналған «Ұлы Абай – Нар тұлға» атты музикалық-поэзиялық конкурс өтті.
Ақмола01 Наурыз , 14:33

Байқаудың іріктеу кезеңіне 90-нан астам конкурсанттар қатысты. Олардың ішінен 16-ы өз өнерін  қорытынды гала-концертте көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл студенттер Көкшетау қаласы мен Бурабай, Бұланды, Еңбекшілдер, Есіл, Целиноград, Аршалы аудандарындағы орта және жоғарғы оқу орындарынан келген.

Байқаудың мақсаты – Ұлы Абай Құнанбаевтың әдеби құндылықтарын насихаттау және сақтап қалу, оның туындылары арқылы жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру.

Байқау вокал (Абай Құнанбаевтың  туындысын орындау); көркем оқу, әдеби-музыкалық композиция сынды үш номинациядан тұрды.

Сонымен қатар, сайыс шеңберінде ЖОО қабырғасында «Ұлы Абай – Нар тұлға» кітап көрмесі өтті, онда Абайдың кітаптары, оның өмірі туралы газет пен журналдарда жарыққа шыққан материалдар қойылды.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен 16 қатысушыға лауреат дипломдары мен бағалы сыйлықтар тарту етілді. 




Яндекс.Метрика