Экология

Жамбыл облысында су үнемдеу технологиясын қолдану 87,6%-ға арттады

Жамбыл облысы су үнемдеу технологиясын қолдануды 87,6 пайызға арттыруды жоспарлауда.Бұл туралы аймақтағы көктемгі егіс-дала жұмыстарының барысы талқыланған әкімдіктің кезекті алқа мәжілісінде белгілі болды.
Жамбыл01 Наурыз , 13:02

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, Өткен жылы су үнемдеу технологиясы 4986 гектарға  қолданылса,  бұл көрсеткіш ағымдағы жылы 9355,4 гектарға жеткізілмекші. Аталған жоспарды жүзеге асыру үшін  830 млн. теңгеге инвестициялық жобалар дайындалуда.

Бұдан басқа, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Абдалы Нұралиевтың мәлімдеуінше биыл егіс алқаптарының көлемі  557,3 мың гектарды құрайды деп жоспарлануда. Бұл өткен жылдың жоспарымен салыстырғанда 12,4 мың гектарға немесе 2,3 пайызға артық. 

Сонымен, ауылшаруашылығы дақылдары бойынша 103,9 мың га алқапқа күздік  бидай, 120,4 мың гектар жаздық масақты және 31,5 мың гектар жерге көкөніс және бақша дақылдарын, 7,7 га алқапқа картоп пен 10 мың гектар жерге қант қызылшасы егіледі.Жамбыл облысы су үнемдеу технологиясын қолдануды 87,6 пайызға арттыруды жоспарлауда.Бұл туралы  аймақтағы көктемгі егіс-дала жұмыстарының барысы талқыланған әкімдіктің кезекті алқа мәжілісінде белгілі болды.




Яндекс.Метрика