Ұлттың денсаулығы

Ақмолалық ауылдық мектепке спорттық жаттығу құралдарын сатып алуға облыстық бюджеттен 4 млн теңге бөлінді

Ақмола01 Наурыз , 12:07

Спорттық жаттығу құралдары Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылының И. Құтпанұлы атындағы мектептің спорт залы үшін сатып алынды. Мектептің спорт залы кең, жаттығулар жасау үшін ыңғайлы, алайда жаттығу құралдары некен саяқ.

Бүгінде бұл мектеп үлкен сыйлық алды. Мектепке 72 шаңғы мен 22 конькидің жұбы берілді. Бұдан басқа 5 теннис үстелі, 10 дана шахмат жиынтығы, футбол, валейбол, баскетбол доптары мен т.б. берілді.

Мұның барлығы оқушыларға белсенді спортпен айналысуға мүмкіндік береді.




Яндекс.Метрика