Ұлттың денсаулығы

ҚР ҚМ-нің әскери қызметшілері шаңғы спортынан Президенттік тест тапсырды

Астанада Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері мемлекеттік қызметкершілер арасындағы шаңғы спорты бойынша жарысты бірінші болып ашты. Елорданың орталық саябағында қалалық шаңғымен сырғанайтын жолында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы тестін тапсыру жарысы басталды.
Астана қаласы 01 Наурыз, 16:37

Әскери ведомствоның түрлі құрылымдық бөлімшелерінен Қорғаныс министрлігінің құрама командасына 200-ден аса адам кірді. Офицерлер және келісімшарт бойынша әскери қызметші ер азаматтармен бірге Қорғаныс министрлігінің намысы үшін әскери қызметші қыз-келіншектер де қатысты, деп ведомстводан хабарлады.

 40 пен 49 жастағы ерлер арасында 3 километр қашықтыққа шаңғымен жүгіруде метрологиялық қызмет өкілі подполковник Дархан Ақанов 10.03. минутта бірінші болып мәре сызығынан өтті. 24 пен 39 жастағы ерлер 5 км қашықтықты бағындыруы керек болатын. Бұл жүгіруде Оқ-дәрілер бас басқармасының офицері Сергей Прохоров 15 минут 10 секундта қашықтықты бағындырып, шаңғы жарысынан үздік шықты. Әскери қызметші қыз-келіншектеріміз де тамаша нәтижелер көрсетті.

«Атап айтсақ, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі өкілдерінің көпшілігі  бекітілген нормативтен айтарлықтай жоғары нәтижелер көрсетті. Мысалы, 5 км қашықтықты бағындыру жас ер азаматтар үшін ұлттық деңгейі – 26 минут болса, біздің жігіттер 15 минутта нәтиже көрсетті. Ал қыздар үшін 3 километрді 19 минутта бағындыру белгіленген, біздің әскери қызметші қыздар бұл қашықтықты 15 минутта бағындырды. Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілердің спорттық тұрғыдағы даярлығы жоғары» - деп қазылар алқасының құрамына енген Шаңғы спорты бойынша ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Старостин атап өтті.  

Жас санаттары бойынша жеке есепте үздік шыққан әскери қызметшілер, ерлер арасындағы жас ерекшелігіне қарай 5-топта – подполковник Дархан Ақанов (ҚР ҚМ МҚЕСО), жас ерекшелігіне қарай 4-топта - майор Александр Штерман (14776 ә/б), жас ерекшелігіне қарай 3-топта – майор Сергей Прохоров (ҚР ҚК ОДББ), жас ерекшелігіне қарай 2-топта – аға лейтенант Евгений Ерастов (ҚР ҚК ҚӘББ), жас ерекшелігіне қарай 1-топта – лейтанант Олжас Дулатов (14776 ә/б) бірінші орындарды иеленді. Әскери қызметші қыз-келіншектер арасында 1-орынды капитан Алтын Қадырова (14776ә/б) иеленді. 





Яндекс.Метрика