Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Көкшетаудағы конференцияда шетелдік сарапшылар жемқорлықпен күресу тәжірибесімен бөлісті

Көкшетау қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетімен бірлесе «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы: негізгі басымдықтары мен жүзеге асыру жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Ақмола28 Ақпан , 18:27

Конференцияға Ресей, Тәжікстан, АҚШ мемлекеттерінен сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы халықаралық сарапшылар телекөпір арқылы онлайн режимінде қатысты.

«АҚШ-тың Алабама штаты Хантевилл қаласынан сөз сөйлеген Халықаралық істер Кеңесінің өкілі Б. Келлердің сыбайлас жемқорлықпен күресте қаржылық барлау қызметінің ролі туралы және Ресей Федерациясы Ульяновск облысының мемлекеттік қызмет істері және кадр мәселелері басқармасының басшысы А. Рябоконь мемлекеттік, азаматтық және муниципалдық қызметте сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарының алдын алу тәжірибесі туралы баяндамалары қатысушылардың арасында ерекше қызығушылық тудырды», - делінген департаменттің хабарламасында.

АҚШ-тың Джорджия штаты университетінің мәдениетаралық қатынастар және қоғаммен байланыс маман-координаторы Гайраф Бхатиа Америкадағы сыбайлас жемқорлықпен күрес  мәселелері бойынша өй бөлісті.

Іс-шараға А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессорлық-оқытушы құрамы, ЖОО мен ОАОО-ның студенттері, магистранттары, докторанттары, күш құрылымдарының, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық және БАҚ-ның өкілдері қатысты. Барлығы 200-ден астам адам.

Конференцияның қортындысы бойынша халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысты қолдауға және мемлекеттеріміздің  берік негіздерін нығайтуға күш – жігерлерімізді жұмсауға шақыратын конференция қатысушыларының бірлескен үндеуі қабылданды.




Яндекс.Метрика