Адами капитал

Алматы облысында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Жүректен жүрекке» акциясы өтті (ФОТО)

Алматы облысында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жас Отан» Жастар қанаты мен нашар еститін және саңырау балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының қолға алуымен «Жүректен жүреке» акциясы өтті.
Алматы 01 Наурыз, 18:27

Акцияға арнайы қонақ ретінде ҚР мәдениет қайраткері,  Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков, қала ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі балалар, «Жас Отан» ЖҚ белсенді мүшлері, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Бүгінгі шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жастардың өмірге деген құштарлығын арттырып, өнерге бейімдеу, ерекше қабілеттілерін көпшілікке таныстырып, сахнаға шығару, - дейді байқауды ұйымдастырған облыстық «Жас Отан»  Жастар қанатының белсенділері.

Шараға қатысушылар әртүрлі бағытта өнерлерін көрсетіп, облыстың 10 аудан-қалаларынан 40 тан аса үміткер өз бақтарын сынады. 5 кезеңнен өткен байқаудың алғашқы сайысы Талдықорған қаласының №2 орта мектебінде «Спорт – денсаулық кепілі!» атты спорттық кезеңінен басталды. Ал қалған шығармашылық кезеңдер І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында  жалғасын тапты.

«Біздің елімізде таланттылар көп. Жастардың өнерін көріп, тәнті болдым. Келешекте осы өнерпаздардың ішінен елге танымал жұлдыздар шығатынына кәміл сенемін. Төрт қабырғаға қарап отырмай, ел арасында жүрсе екен деп ойлаймын. Осындай игі шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса нұр үстіне нұр болар еді», - деді қазылар алқасының мүшесі Роза Ақжаркенова.

Байқау қорытындысы бойынша командалық есепте І орынды Алматы облысының нашар еститін және саңырау балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты иеленсе, ІІ орынды «Қазақ» саңыраулар қоғамы, ал ІІІ орын Еңбекшіқазақ ауданының тобына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай және бағалы сыйлықтар табысталды.





Яндекс.Метрика