Ұлтаралық бірлік

Шығысқазақстандықтар «ҚХА – 20 игi iс» эстафетасының нышанын алматылықтарға тапсырды (ФОТО)

Шығыс Қазақстанда «ҚХА – 20 игi iс» эстафетасының нышаны – «Тайқазан» салтанатты түрде Алматы қаласының өкілдеріне тапсырылды.
Шығыс Қазақстан 28 Ақпан, 16:19

ШҚО Ақпараттық орталығынан хабарлағандай, бірлік пен келісімнің символына айналған «Тайқазан» макеті 23 ақпанда Павлодар облысынан Семей қаласы мен Бесқарағай ауданы арқылы Өскеменге әкелінген болатын.

Жиында «20 игі іс» акциясының аясында облыста атқарылған жұмыстарға  ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев тоқталды. айтып өтті.

«Биыл Ұлан ауданында «Достық үйі» ашылды. Облыстың барлық аумақтарында қайырымдылық концерті өткізілді. ҰОС ардагерлері мен тұрмысы төмен отбасылардың үйіне себет толы азық-түлік жеткізілді. «Ассамблея бұл – біз» атты өңірде фото-байқау жарияланды. Биыл пайдалануға берілетін 48 әлеуметтік-мәдени нысанның 25 мектеп, 12-і денсаулық сақтау саласына берілсе болса, 3-уі мәдени нысан және т.с.с. болмақ. Бұдан былай да «20 ізгі ісіміз» тоқтап қалмайды. Келешекте Ассамблея жылы аясында игі істер жалғасын табатын болады», – деп Еркінбек Аязбаев Алматыдан келген ҚХА мүшесі Қазақпай Кәсімовке салтанатты түрде «Тайқазанды» тапсырды.

 





Яндекс.Метрика