Парламент

ҚР сенаторлары Румыниядағы «Парламенттің демократиядағы рөлі» конференциясына қатысады

Қазақстан Республикасының сенаторлары Серік Ақылбай мен Серік Бектұрғанов ағымдағы жылдың 2-5 наурыз аралығында Румынияға іс-сапармен барады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан02 Наурыз , 09:23

Сенаторлар Румыния Сенатының Президенті Калин-Попеску Тэричанумен, Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Даниэл Ионицеймен, шетелдегі румынь диаспорасының істері бойынша министр Анджел Тилвэромен және басқалармен кездеседі.

Сонымен қатар, депутаттар «Демократиядағы Парламенттің рөлі. Қазақстан халқы Ассамблеясының үлгісі – бірлік пен этносаралық келісімнің құрылысы» атты ғылыми конференцияға қатысады. 




Яндекс.Метрика