2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Ақмола облысында «Серпінмен нұрлы болашаққа!» республикалық слеті көшбасшыларының кездесуі өтті

Ақмола облысы Зеренді ауданы Чаглинка ауылындағы Агробизнес колледжінде «Серпінмен нұрлы болашаққа!» республикалық слеті көшбасшыларының кездесуі өтті.
Ақмола28 Ақпан , 13:27

Слеттің мақсаты – «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасына қатысушылардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау және  оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасақтау.

Шараны ұйымдастырушылар - «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» республикалық штабының Үйлестіру кеңесі мен Ақмола облысы Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы.

Слетке Астана қаласы мен Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген студент жастар қатысты.

 «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді, ол еңбек нарығында қажетті мамандарды даярлауға және жастардың көші-қон белсенділігін арттыруға бағытталған.

Жоба шеңберінде оңтүстік аймақтардағы жастардың солтүстіктегі оқу орындарында білім алуы үшін арнайы гранттар бөлінуде.

Сонымен, 2000 жуық жобаға қатысушылар 25 ТжКБ мекемелерінде және 8 аймақтағы 8 ЖОО  білім алуда. 




Яндекс.Метрика