Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Президентіне қазақстандықтардың атынан сайлау өткізу жөніндегі шешімнің дер кезінде қабылданғаны айтылған хаттар көптеп келуде

Мемлекет басшысының атына көрнекті мемлекет қайраткерлерінен, қоғамдық бірлестік өкілдерінен, еңбек ұжымдарынан, оқу орындарынан, еліміздің түрлі өңірлеріндегі азаматтардан көптеген хаттар келіп түсті. Хаттарда сайлау өткізу жөніндегі шешімнің дер кезінде қабылданғаны айтылған, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа өз кандидатурасын Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына ұсыныс білдірген, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Ақпан , 18:39

Атап айтқанда, КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Б.Төлегенова Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың айналасында шоғырлану елдің әрі қарай жүйелі дамуы мен азаматтардың бақуаты болуының кепілі болып саналатынына сенімді екенін білдірген.

«Қазақстан жылдан жылға өркендеп, әлемдегі беделді әрі құрметті елге айналып келеді. Тәуелсіздігіміз мәңгілік бола берсін», – деп жазады автор.  

Қазақстан хореографтары одағының атынан хат жазған отандық балеттің көрнекті қайраткерлері Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен барлық, соның ішінде мәдениет және өнер саласындағы табыстары Мемлекет басшысының атымен тікелей байланысты екендігіне тоқталған.

«Осының бәрі – көшбасшысы Өзіңіз болып отырған, табысты мемлекет құру жөніндегі бірыңғай стратегиялық бағдарламаның көріністері.  Біз Сізге сенеміз және өркендеу мен татулықты, жалпы адамзаттық құндылықтар салтанат құратын жолды таңдаймыз», – делінген хатта.

Алматы қаласы әкімінің Концерттік оркестрінің мүшелері қазақстандықтардың өркендеуін, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әл-ауқатын арттыру республика дамуының басым бағыттары болып отырғаны үшін алғыс білдірген.

«Біз үшін Сіз сияқты Ұлт Көшбасшысының басшылығында болу құрмет, сол себепті де біздер, өнер адамдары, бұрынғыша Сізге қуана дауыс береміз. Алдағы сайлау еліміздің бірлігін нығайтып, Қазақстан қоғамын бұдан әрі ұйыстыра түседі деп үміттенеміз», – деп жазады авторы.

Қазақстанның халық емшілері қауымдастығының өкілдері президент сайлауын өткізуді қолдай отырып, бұл тұрақтылықты сақтауға, әлеуметтік-экономикалық дамуға, Мемлекет басшысы бастамашылық еткен негізгі мемлекеттік бағдарламаларда белгіленген мақсаттарға жетуге оң ықпалын тигізетінін айтқан.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұстаздар ұжымы мен студент жастары Мемлекет басшысына «Қазақстан-2050» Стратегиясын және «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру үшін мандат беру маңызды деп санайды.

«Елді бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ үшін шоғырландыруға бағытталған Мемлекет басшысының саясатын қолдау – біздің парызымыз. Біз әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жөніндегі мақсатқа Ұлт Көшбасшысымен бірге жетеміз», – делінген хатта.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы президент сайлауын өткізу туралы шешім үшін Мемлекет басшысына алғыс айтқан.

«Біз елдің ғылыми-ағартушылық саладағы барлық жетістіктерін Сіздің н жан-жақты қолдау көрсетуіңізбен байланыстырамыз. Сондықтан Сізден алдағы сайлауға өз кандидатураңызды ұсынуды сұраймыз», – деп жазады авторлар.

Орал қаласының дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы  облыстық мамандандырылған қазақ мектеп-интернаты мұғалімдерінің ұжымы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы мен тұлғасы өскелең ұрпақ үшін ерлік пен табандылықтың үлгісі болып саналатынын айтқан.

«Отанға қызмет етуге, татулық пен келісім жағдайында балаларға білім беруге жасалған мүмкіндік үшін Сізге шексіз ризашылық білдіреміз. Осының бәрі – Сіздің сындарлы саясатыңыздың нәтижесі. Болашақта еліміз осы бағытта дами бергенін қалаймыз. Біз Сізбен бірге табысты Қазақстанды қолдаймыз», – делінген хатта.

«Татулық пен келісім кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы К.Еспағамбетов бүгінде белең алған әлемдік дағдарысқа, сондай-ақ ешкімді бей-жай қалдырмайтын алыс және жақын өңірлердегі жанжалдарға назар аударады.

«Дәл осы кезде бұдан әрі жасалатын қадамды анықтап алу қажет. Өңір халқы Мемлекет басшысының бағытын қолдай отырып, ұйымшылдық пен бірлік көрсететініне сенімдімін», – деп жазады автор.

Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысын қабыл алғаны үшін Қазақстан Президентіне ризашылық білдірген «Кентау трансформатор зауыты» АҚ еңбеккерлері де қолдау хаттарын жолдапты.

«Мемлекетті басқару кез келгеннің қолынан келмейді. Бұл сайлау мемлекеттілікті, халықтың бірлігін таразы басына қояды. Осыған байланысты біздің қалауымыз, бүкіл халықтың қалауы – Сіздің сайлауға қатысқаныңыз», – делінген хатта.

Өз хатында Көкшетау қаласындағы «Олимп-Көкше» ЖШС директоры В.Смоквин сайлау алдындағы науқан қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау лебізін жеткізген.

«Бек сенімдімін, Сіз – бүкіл халық таңдаған, бұдан былай да біздің мемлекетті жаңа жеңістерге бастауға тиіс бірден-бір Президентсіз, бұл ретте өзге баламаның болуы мүмкін емес. Сіздің арқаңызда Қазақстанның өркендеген елге айналуға, тек мықты Көшбасшының, кемелденген мемлекеттің және жұмылған халықтың қолынан келетін жаңа жетістіктерге жетуге қазақстандықтардың әзір екенін бүкіл әлемге көрсетуге мүмкіндігі бар», – деп жазады автор.

Алматы қаласынан хат жазған А.Әкімұлы да президент сайлауын өткізу мемлекетіміздің дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өткен.

«Бүкіл отбасымыз болып Сізден сайлауға қатысуыңызды өтінеміз және белсенді үгіт-насихат жұмысын жүргізуге бар күш-жігерімізді жұмсайтынымызға сендіреміз. Сіздің айқын жеңіске жететініңізге сенімдіміз», – деп жазады автор.

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына бірқатар хат Оңтүстік Қазақстан облысынан келіп түсті. Мәселен, Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов атындағы «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері бұл сайлау еліміздегі достықтың, келісімнің, бірліктің және тұрақтылықтың айғағына айналатынын атап өткен. Авторлар Мемлекет басшысын оның жүргізіп отырған саясатын қолдайтындарына және жақтайтындарына сендірген.

Шымкент қаласының қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғындары Мемлекет басшысының көреген саясаты бүкіл Қазақстан халқының, әсіресе әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдардың мүддесін қорғауға бағытталғанына назар аударған.

«Біз елдің болашағын Сізбен ғана байланыстырамыз. Біз Қазақстанның тұрақтылығын және өркендеуін, өскелең ұрпақтың алаңсыз болашағын қолдаймыз. Сондықтан Сіздің сайлауға міндетті түрде қатысқаныңызды қалаймыз», – делінген хатта.

Сайлау өткізуді қолдап, Сарыағаш қаласынан хат жазған зейнеткер Т.Әуезов Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық пен табыс тілейді.

Қазыбек би ауылының тұрғыны Ү.Жақыпов Мемлекет басшысы халық қалауын ескеріп, президенттік сайлауға қатысса деген тілегін білдірген.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын белгілеуге байланысты хаттар легі әлі де жалғасуда. 




Яндекс.Метрика