Экономика

«Самұрық-Энерго» шығынын оңтайландыру ИИДМБ, «Нұрлы жол», «EXPO-2017» жобаларын жүзеге асыруға әсер етпейді

«Самұрық-энерго» шығынын оңтайландыру ИИДМБ, «Нұрлы жол», «EXPO-2017» жобаларын жүзеге асыруға әсер етпейді, деді ОКҚ брифингінде «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы А.Сәтқалиев.
Астана қаласы27 Ақпан , 17:16

« «Самұрық-Энерго» АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2015 жылғы экономикалық жағдайды ескере отырып, инвестицияға жұмсалатын шығастарды 28 146 млн.теңгеге (немесе 23%-ға) және ағымдағы шығыстарды жалпы сомасы 10 824 млн.теңгеге (немесе 6%-ға) оңтайландыруды жоспарлап отыр. Инвестициялық бағдарламаларды оңтайландыру 2-МҮИИДБ-нің ірі және маңызды бағдарламаларына, «Нұрлы жол» бағдарламасына, «EXPO-2017» нысандарына  қатысты емес», - деді А.Сәтқалиев.

Оңтайландыру әлеуметтік тұрақтылық деңгейін қамтамасыз етуге әсерін тигізбейді. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары бойынша 2015 жылы жұмыс орындарының саны сақталатын болады.

Мемлекет басшысының Жолдауындағы мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған кедергісіз орта құру мәселесі бойынша тапсырмаларды орындау үшін   «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 2014 жылы мүмкіндіктері шектеулі 170 адамды жұмысқа орналастыруға квота белгіленді. Қазіргі кезде  182 адам жұмысқа орналастырылды, олардың 51-і – 2-топтағы мүгедек, 131-ң -3-топтағы мүгедек адамдар.

Сондай-ақ, қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары аясында «Самұрық-Энерго» АҚ  осы жылдың  1 ақпанынан бастап Екібастұз 1-МАЭС электр энергиясына босату бағасын төмендету, сондай-ақ Екібастұз 2-МАЭС энергиясын 1 кВт/сағ. 8,65 теңгеге дейін (ҚҚС-ны ескермегенде) азайту туралы шешім қабылдады 2015  жылға бекітілген тариф мөлшері 1 кВт/сағ.  8,8 теңгені (ҚҚС-ны ескермегенде) құрады.  Бұл шара электр энергиясының көтерме нарығында ірі электр өндіруші ұйымдардың ұстанымдарын жақсартуға мүмкіндік береді.

Камила Амирова

 

 




Яндекс.Метрика