Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Б.Байбек: Құқықтық мәдениеті жоғары адам өзінің құқын да жақсы біледі

Азаматтардың құқықтық мәдениеттері жоғары болса, олардың жеке құқықтарын білу деңгейі де соғұрлым жоғары болады, деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Қазақстан Республикасында ақпаратқа қолжетімділік пен қоғамдық бақылаудың және жемқорлыққа қарсы тұру құқықтарын кеңейтудің болашағы: заңнамалық бастамаларды талқылау» атты тақырыпта өткен халықаралық дөңгелек үстел отырысында.
Астана қаласы27 Ақпан , 18:07

«Тұрғындармен жұмыс барысында біз азаматтардың құқықтық мәдениеттері жоғары болған сайын олардың жеке бас құқықтарын түсінулері де терең болатынын байқаймыз, - деді Б.Байбек.

Оның айтуынша, соңғы екі жылдың ішінде «Нұр Отан» партиясының қабылдауларына миллионнан астам азаматтар қайырылған.

«Тұрғындардың құқықтық сауаттары төмен. Осы себепті қоғамдық қабылдаулар кезінде оларға заңдық тұрғыда ақыл-кеңес беріліп, азаматтардың өздерінің проблемаларын заңдық тұрғыда қалай шешуге болатындықтарын, Конституциялық құқықтарын қалай қорғау керек екендігін түсіндіріледі,-деді партия төрағасының орынбасары. Сондай-ақ партия өкілдерінің заңдық көмектерімен шешілген проблемаларынан нақты мысалдар келтірді. 

Сонымен қатар Б.Байбек азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысқа қатысты мәселелерді ашық талқылаудың маңызы зор екендігін айтты.  

«Партия Көшбасшысы Нұрслтан Назарбаев мемлекет пен азаматтық қоғамның ынтымақтастығының маңызы зор екендігін айтты. Оның жарқын мысалы біздің қоғамдық қабылдаулар. Мұнда олар өздерінің проблемаларын ашық айтып, тиісті органдарға тікелей хабарласуда. Бұл өз кезегінде ел тұрғындарының жемқорлық әрекеттеріне басқаша көзқараспен қарауларына түрткі болып отыр»,-деді Б.Байбек. 

   




Яндекс.Метрика