Энергетика

«Самрук-Энерго» 2015 жылы өзінің бірқатар активтерін саудаға шығарады

«Самұрық-Энерго» 2015 жылы өзінің бірқатар активтерін саудаға шығарады, деді «Самұрық Энерго» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы27 Ақпан , 16:41

«2015 жылы «Алматы жарық компаниясы», «Алматы Энергосауда» ЖШС «Теңізмұнай» ЖШС  сияқты «Придоржное» кенішінде газтурбиналық стансалардың құрылысымен айналысатын бірқатар компаниялардың алматылық электр стансаларын сату жоспарланған. Сонымен қатар біз бұл іске үлкен төрттіктің тәуелсіз бағалаушыларын шақырмақпыз. Жекешелендірудің бұл процедуралары өкілетті орган «Самұрық-Қазына келісім» компаниясының тікелей қадағалауымен өтеді»,-деді А.Сәтқалиев.

 Бұл ретте ол алматылық электр стансаларын жекешелендіру осы компаниялардың Қапшағай су электр стансасы активтерінің құрамынан шығарылған соң жүргізілетіндігін атап өтті.

 Бүгінгі таңда біз жекешелендіру бойынща өтуі тиіс екі кезеңнен тұратын ашық конкурстың бірінші кезеңін аяқтап, сатылмай қалған «МРЭК», «Ақтөбе ЖЭО» акционерлік қоғамдары мен «Шығысэнерготрейд» ЖШС-і сияқты компаниялардың активтерін  саудаға екінші қайтара шығардық. Жалпы алғанда 2014 жылы «МРЭК», «Ақтөбе ЖЭО», «Жамбыл ЖРЭС», «ВК РЭК» акционерлік қоғамдары сияқты 4 компанияның активтерін Шығыс Қазақстан облысының энергоүнемдеуші компаниясы  «Шығысэнергоотрейд» ЖШС-мен бірге саудаға шығаруды жоспарлаған болатынбыз»,-деді Басқарма төрағасы.    

Камила Амирова   




Яндекс.Метрика