Энергетика

Ақтөбе облысында газбен қамту нысандарына 6,2 млрд теңге бөлінді

Елді мекендерді газдандыру халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін тиімді жағдай жасаудағы басты мәселелерінің бірі болып табылады.
Ақтөбе28 Ақпан , 10:52

2014 жылдың басында облыстағы 380 елді мекеннің 93-і немесе 24,5% газдандырылды, облыстың жалпы халық саны бойынша 632,3 мың адам немесе 80% газбен қамтылған.

2012 жылы шағын қалаларды газбен толық қамту бойынша жұмыстар толықтай аяқталды. Келесі кезекте жоспар бойынша аудан орталықтарын 100% газдандыру, бұл бағыттағы жұмыстарды 2016 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, тірек елді мекендер газдандырылуда.

Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, 2014 жылы Алға ауданы Маржанбұлақ, Бесқоспа Қайындысай, Қобда ауданы Талдысай, Әлия, Бестау, Қобда, Қарғалы ауданыСтепное, Бородиновка, Әйтеке би ауданы Қарабұтақ, Байғанин ауданы Қарауылкелді, Мәртөк ауданы Родниковка және Ақтөбе қаласына қарасты Өлке ауылдары газдандырылды.

Жалпы алғанда газбен қамту нысандарына 6,2 млрд. теңге бөлінді.Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде газбен қамтылған халық саны көбейіп, облыс халқының 83 % құрап отыр (679,6 мың адам).

2015 жылы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылына газ құбыры жеткізілетін болады, сондай ақ, Алға ауданының Қарақұдық ауылын газдандыру жұмыстары да толық аяқталмақшы.

 

 




Яндекс.Метрика