Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Президент сайлауына қатысатын халықаралық байқаушыларды тіркеу 20 сәуір күні аяқталады

Елімізде 26 сәуір күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауына қатысатын халықаралық байқаушыларды тіркеу 20 сәуір күні аяқталады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды.
Астана қаласы27 Ақпан , 16:33

«Бүгінгі таңда халықаралық байқаушыларға қажетті анкетаның мәтіні дайындалып, байқаушыларды тіркеу шарасы 2015 жылдың 20-шы сәуірі күні аяқталатындығы айтылды», -делінген ОСК-ның баспасөз мәліметтерінде.

Кезектен тыс Президент сайлауының байқаушылары сайлауға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі берген құжатты көрсету арқылы қатыса алады. «Халықаралық байқаушылар сайлау кезінде өзінің жеке басын куәландыратын куәлігі бар бір аудармашы ертіп жүруге құқылы»,-деді ведомство өкілдері.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика