Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қоғамда жемқорлыққа қарсы ұлттық индексті қалыптастыру маңызды – Байбек

Қоғамда жемқорлыққа қарсы ұлттық индексті қалыптастыру маңызды, деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Жемқорлыққа қарсы күрес», «Ақпаратқа қол жеткізу», «Қоғамдық қадағалау туралы» заң жобаларын талқылау барысында.
Астана қаласы 27 Ақпан, 17:08

«Қоғамда жемқорлыққа қарсы ұлттық индексті қалыптастыру өте маңызды. Халық бүгін мемлекеттік органдардың қандай қызмет атқарып, олардың өткізіп жатқан реформаларының нәтижесін көруі тиіс», - деді Б.Байбек.

Сондай-ақ, ол бүгін елде тексерістер қысқарып, үдерістер жеңілдетіліп, барлығы электронды түрге көшіп жатқанын айтты.

Б.Байбек атап өткендей, Мемлекет басшысы 2050 Стратегиясында «жемқорлық – әлеуметтік қиянат. Ол біздің тәуелсіздігімізге нұқсан келтіреді, ол Қазақстан халқының өмір сүру жағдайын жақсартуға тікелей әсер етеді» деді.

«Бүгінде Қазақстанның үздік 30-дыққа енуі бойынша нақты түсінік қалыптасқан. Билік тиімді, нақты жұмыс істеуі керек, ол заңды түрде жергілікті атқарушы органдырдың қызметін қадағалауы тиіс», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін «Қазақстан Республикасында ақпаратқа қол жеткізу құқықтары аясын кеңейту перспективалары, сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылаудың нысандары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер: заңнамалық бастамаларды қарау» тақырыбына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті.Іс-шаралар барысында ҚР Парламентінің Мәжілісінде депутаттар – «НұрОтан» партиясының мүшелері әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер туралы», «Ақпаратқа қолжетімділік туралы», «Қоғамдық бақылау туралы» заңдардың жобалары талқыланды. 


 





Яндекс.Метрика