Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың міндетті қол санын бекітті

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткерлерге қолдау ретінде сайлаушылардың міндетті қол санын 93 012 дана ретінде бекітті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды.
Астана қаласы27 Ақпан , 16:27

«Қолдарды жинау сенімді тұлғалармен жүргізіледі. Қолдардың саны мен оны жинауға шектеу қойылмайды», - деп хабарлады ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.

Сонымен қатар, қол жинау үшін парақшаларды беру және олардың жалған еместігіне көз жеткізу мерзімін қысқарту шешімі қабылданды. Қол қою парақшалары үміткердің талаптарға сәйкестігін тексерген соң екі күнтізбелік күн ішінде берілетін болады, бұған дейін олар 5 күнтізбелік күн ішінде берілген.

«Ал, қолдардың дәлділігін тексеру мерзімі 10-нан 5 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды», - деп хабарлады ОСК баспасөз қызметі.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика