Энерготиімділік

«Самұрық-Энерго» 2014 жылы біріктірілген табысын 75 пайызға арттырды

«Самұрық-Энерго» 2014 жылы біріктірілген табысын 75 пайызға арттырды, деді ОКҚ брифингінде «Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиев.
Астана қаласы27 Ақпан , 16:20

«Компанияның есепті кезеңдегі жалпы біріктірілген табысы 252,5 млрд. теңгеден асты, бұл 2013 жылмен салыстырғандағы нақты табыстан 77%-ға жоғары (142,9 млрд. теңге). Есепті кезеңдегі біріктірілген қорытынды пайда  15 575 млн. теңгені құрайды, ол-  жоспардан 75% -ға жоғары», - деді Сәтқалиев.

«Самұрық-Энерго» АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2015 жылғы экономикалық жағдайды ескере отырып, инвестицияға жұмсалатын шығастарды 23%-ға және ағымдағы шығыстарды жалпы сомасы 6%-ға оңтайландыруды жоспарлап отыр.

«Самұрық-Энерго» АҚ тобы кәсіпорындары қызметінің негізгі түрлері бойынша 2014 жылы электр энергиясын өндіру, беру және сату (тарату), көмір өндіру жоспарлары орындалды. 

«Самұрық-Энерго» АҚ басшысының ақпараты бойынша, электр энергиясын өндіру 28,2 млрд. кВт/сағ., жылу энергиясын өндіру - 7,5 млн. Гкал. құрады.  Тұтынушыларға энергия беру (11,125 млрд. кВт/сағ.) және сату (8,6 млрд. кВт/сағ.) көлемі жоспарланған көрсеткіштерден жоғары.  Есепті кезеңде көмір өндіру 38  млн. тоннаны құрады немесе бұл жоспардың  99%-ы. Көмір өндірудің аз ғана төмендеуі Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы тұтынушылары тарапынан көмірге деген сұраныстың өзгеруісен байланысты.   

Камила Амирова

 

 




Яндекс.Метрика