«26 сәуір күні Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Біздің Конституциямыз бойынша Президент болуға ұмтылып отырған азамат мемлекеттік тілді еркін меңгеруі керек. Осыған байланысты біз 5 адамнан тұратын комиссия құрып отырмыз»,-деді лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.
Комиссия құрамында педагогика ғылымдарының докторлары, ҚР Ұлттық академиясының профессорлары мен академиктері, Назарбаев Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті сияқты еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының кафедра меңгерушілері бар.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 26-сәуірі күні елімізде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.
Индира Кауметова