Ақтөбе облысында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 5,3 млрд теңгенің 20 жобасы жүзеге асты

Облыс халқын сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жалғасын табуда, өткен жылдың басында халықты сапалы сумен қамту 90,5% құрады, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе27 Ақпан , 19:54

Өткен жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұрғындардың 92,0% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіліп отыр.

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2014 жылы сумен жабдықтау 20 жобасы жүзеге асырылды. Оның ішінде құны 5,3 млрд. теңге болатын 355,7 шақырым сумен жабдықтау желілерінің құрылыс мен қайта құру жұмыстары жүргізілді, соның ішінде 13 ауылдық-елді мекенінде 273,4 шақырым су желісі тартылды.

Ақтөбе, Қандыағаш және Темір қалаларында 82,3 шақырым сумен жабдықтау желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы 7 кәріз желісін қайта құру мақсатында бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді.

Темір ауданы Кенкияқ, Шұбарқұдық, Хромтау ауданы Никельтау елді-мекендерінің кәріз желілерін, Ақтөбе қаласының сорғы стансалары мен арынды коллекторлары қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, Мұғалжар ауданы Жем және Ембі қалаларының биологиялық тазарту және кәріз желілері қайта жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

 




Яндекс.Метрика