Адами капитал

Ауыл тұрғындарына «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысу тәртібі түсіндіріледі

2015 жылғы 15 наурыздан бастап ауыл тұрғындары үшін «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Казахстан28 Ақпан , 12:39

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, осы мақсатта арнаулы мобильдік топтар құрылып, олардың құрамына ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттерінің және жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері кіреді.

Мамандар ауылдарда тұратын жұмыссыз және нәтижесіз жұмыспен айналысатын азаматтарға «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасына қатысу шарттарын түсіндіріп, қажетті құжаттарды жинау және рәсімдеу мәселелері бойынша кеңестер береді.       

Сонымен қатар, мобильдік топтардың мүшелері тұрғындармен кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, әкімдіктермен бірлесіп жұмыспен қамту, шағын несие беру мүмкіндіктерін қарастырады. Әрі қарай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері жергілікті жерлерде азаматтарды жұмыспен қамтуға көмектеседі.

Ағымдағы жылғы 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Тамара Дүйсенова ҚР ДСӘДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдегенін естеріңізге саламыз.   




Яндекс.Метрика