Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Орталық сайлау комиссиясында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы баяндайтын баспасөз орталығы ашылды

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы баяндайтын баспасөз орталығы ашылды, ол ОСК мен БАҚ тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлады ОСК баспасөз хатшысы Венера Жексембекова.
Астана қаласы27 Ақпан , 15:52

«Біз Орталық сайлау комиссиясының төрағасы бекіткен Орталық сайлау комиссиясының жоспары бойынша жұмыс істеудеміз және кестеге сәйкес баспасөз орталығын ашудамыз», - деп мәлімдеді В. Жексембекова.

Осы ретте, баспасөз хатшысы атап өткендей, орталықта жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. «Орталықта барлық қажетті құрал жабдықтар бар», - деді ол.

Айта кетерлік жайт, күн сайын үзіліссіз таңертеңгі 7:30-дан кешкі  22:00-23:00 сағатқа дейін жұмыс істейді.

Аталмыш баспасөз орталығы сайлау комиссиясы жұмысының ашықтығын заңнамаға сәйкес қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2015 жылдың 26 сәуірінде өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика