Адами капитал

Ақтөбеде 8 көпбалалы аналар марапатталды

Қалалық әкімдікте көпбалалы аналар ҚР-ң «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе27 Ақпан , 19:09

«ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылдың 3 ақпанындағы №997 Жарлығына сәйкес біздің Ақтөбе қаласы бойынша 8 көпбалалы аналар Үкіметтік награда «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» алқаларымен марапатталды», - делінген хабарламада.

«Алтын алқа» белгісінің иегерлері Әлжанова Райхан Бижанқызы, Қарабалина Алма, Қасенова Маржангүл Сейлханқызы, Пахриддинова Гүлмира Алауддиновна, Оразынбетова Айткүл Абдуллақызы.

«Күміс алқа» белгісінің иегерлері Жұмағалиева Гүлмира Кенгесқызы, Наурызалина Райхан Үбайшақызы, Нияз Қызғалдақ Сатылханқызы.

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында барлығы 5971 көпбалалы аналар тұрады. Оның ішінде «Алтын алқа» белгісінің иегерлері – 1285, «Күміс алқа» иегерлері – 1513, «Батыр ана» - 285, «Ана даңқы» 1, 2, 3 дәрежедегі – 342, төрт және одан да көп балалылар – 2546.




Яндекс.Метрика