Басқару

Елдің халықаралық резевтері 100,8 млрд АҚШ долларын құрады – Ұлттық банк

2015 жылғы қаңтарда Ұлттық банктің халықаралық резервтері 0,5%-ға ұлғайды және 2015 жылғы қаңтардың соңында 29,1 млрд доллар болды. Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 0,8%-ға ұлғайып, 28,2 млрд долларды құрады.
Астана қаласы28 Ақпан , 10:03

«Өзгеріс Ұлттық банктің ішкі валюта нарығындағы операцияларымен, қолма-қол шетел валютасы көлемінің ұлғаюымен, банктердің Ұлттық Банктегі шоттарындағы шетел валютасы көлемінің азаюымен, алтын бағасының және ішкі нарықтағы сатып алудың өсуі салдарынан алтындағы активтердің ұлғаюымен, сондай-ақ басқа операцияларымен байланысты болды», - деп нақтылады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

«Тар ақша базасы, яғни банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 3015,9 млрд теңгені құрады. Ақша массасы 12403,1 млрд теңгені құрады, айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 1035,7 млрд теңге болды, банк жүйесіндегі депозиттер 11367,4 млрд теңгені құрады», - делінген хабарламада.  

Ақша массасы құрылымындағы депозиттердің үлесі 2014 жылғы желтоқсанның соңындағы 91,2%-дан 2015 жылғы қаңтардың соңында 91,6%-ға дейін өсті. Ақша мультипликаторы 2014 жылғы желтоқсанның соңында 3,75-тен 2015 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша 3,99-ға дейін өсті.




Яндекс.Метрика