Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Е.Ыдырысов: Қазақстан сайлау үдерісін жоғары демократиялық стандарттарға сай ұйымдастыруды қамтамасыз етеді

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Ерлан Ыдырысов Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларына елімізде жоспарланып отырған президенттік сайлауы туралы брифинг өткізді.
Астана қаласы27 Ақпан , 16:52

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, дипломатиялық корпус өкілдері алдында сөз сөйлеген Е. Ыдырысов, Қазақстанның жаңа сындарлы даму кезеңіне кіргенін атап өтті. «Мәселе мұнай бағасының құлдырауы, Ресейге салынған санкциялар ықпалы секілді экономикалық факторлардың қысымында, украиндық дағдарыс пен Халықаралық коалиция күштерінің Ауғанстаннан шығарылуымен байланысты өңірдегі тұрақсыздықта. Біздің елімізді және жалпы алғанда біздің өңірімізді сынақтар кезеңі күтіп тұр», - деді ол.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда заманауи қауіп-қатерлер туралы толық түсінік бар екенін және оларды еңсеруге анық жоспар мен қорлар бар екенін жеткізе отырып, орта мерзімді және ұзақ мерзімді даму бағдарламалары тұрақтылықты, гүлдену мен еліміздегі өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын ерекше атап өтті.

«Президент ұсынған «Нұрлы Жол» бағдарламасын, сонымен қатар «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен әлемнің ең дамыған отыз ел қатарына кіру секілді ұзақ мерзімді басымдықтарды іске асыру белсенді жұмыс пен басымдықтарға айқын назарды шоғырландыруды талап етеді. Қазір Үкіметтен бір ізді, тиімді, кейбір кездері ерік-жігерлі іс-әрекеттер талап етіледі»,- деп қосты ҚР СІМ басшысы.

26 сәуірде өтетін кезектен тыс президент сайлауы туралы айта келе, ҚР  СІМ басшысы шетелдік дипломаттардың назарын жаңа мандат мемлекет пен оның басшылығына алға қойылған тапсырмаларды жүзеге асыруға тез арада кірісуге және алдағы кезеңде сыртқы факторлардың теріс әсерлеріне төтеп беру үшін белсенді жұмыс атқаруға, алға қойылған мақсаттарды атқаруды және еліміздегі халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне аударды.

Президент сайлауының ұйымдастыру мәселелеріне тоқтала келе, ол қазақстандық тарап сайлау үдерісін жоғары демократиялық стандарттарға сай ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайтынын ерекше айтып өтті. «ҚР Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдардың бұдан бұрын жасаған ұсыныстарын ескере отырып, сайлауды өткізудің жоғары ұйымдастыру дәрежесін қамтамасыз ететіндігіне сенемін, ал басқа мүдделі органдар олардан ҚР заңнамасы талап ететін шараларды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салады», - деп мәлімдеді Е. Ыдырысов.

Сонымен бірге, ол дипломатиялық корпус өкілдерін Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдарды, шетелдік бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарын сайлауға бақылау жүргізулері үшін шақыратыны туралы хабардар етті. «Біз сайлау үдерісінің ашықтық, әділеттілік және бәсекелестік қағидаларына, азаматтардың ішкі заңнама нормаларына және халықаралық стандарттарға сай өз ойларын еркін білдіруін қамтамасыз етуге бейімділігімізді растаймыз», - деп Қазақстан сыртқы саяси ведомство басшысы түйіндеді. 

 

 




Яндекс.Метрика