Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Астанада радиохабар тарату желісін жаңғырту жұмыстары аяқталды

Қазақстан Республикасында Ұлттық радиохабар тарату желісін жаңғырту аясында «Астана қаласына радиохабар тарату желісін жаңғырту» жобасы аяқталды.
Астана қаласы27 Ақпан , 14:32

«Ақпараттық Қазақстан -  2020» мемлекеттік бағддарламасында отандық ақпарат құралдарын жаңғырту бағытында нақты мақсат-міндеттер қойылған. Қазтелерадионың хабарлауынша, радиохабар тарату қоғам өкілдерінің рухани дамуына, елдің экономикалық өсіміне әлеуемттік тұрақтылық пен азаматтық қоғам қалыптастыруда зор рөл атқаратын бұқаралық ақпараттың маңызды құралдарының бірі.    

«Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор «Қазақтелерадио» акционерлік қоғамы Қазақстанның елордасындағы радиохабар таратуды жетілдіруге бағытталған «Астана» радиохабар тарату мен радиотелевизия стансасын» жаңғыртуды аяқтады»,-делінген  хабарламада.

Теле-радио дыбыстарды тарату саласында жаңа құрылғыларды орнату еліміздің елордасының айналасында нашар хабар қабылдайтын аймақтарды жоюға мүмкіндік жасады. Жаңғырту шаралары жүргізілгенге дейін Астана маңында «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» арналары таза ұстайтын 33 елді мекен болған болса, қазірде олардың саны 54-ке жетті. Бұл Астана қаласының маңындағы елді мекендердің 92 пайызы.

«Астана» радиотелевизиялық стансасынан таратылатын белгілердің сапасын арттыру мақсатында «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының өкілдері қабылдап-хабар таратушы құрылғыны оңтайландыру шараларын жүргізіп, цифрлы телерадиохабар тарату жүйесінің мониторингі мен бақылауын ықпалдастыру қажет болды. Бұл шара жөндеу-жаңғырту жұмыстарын жеңілдетіп, пайдаланатын құрылғылардың жұмысын жіті қадағалауға мүмкіндік береді.  Бүгінгі таңда «Астана» хабар тарату желісі 12 қазақстандық радиоарнаны жаңа құрылғылардың көмегімен таратып отыр.




Яндекс.Метрика