«Біздің жоспарымызша 2015 жылы ЖІӨ өсімі шамамен 1,5% құраса, 2019 жылы 4,5%-ға дейін өседі. Бүгінгі жағдай ол уақытша және оныда өткереміз», - деді депутат.
Сонымен қатар, ол Қазақстанда әлем қауымдастығы ұшыраған қиындықтан еш қиналмай өтуге мүмкіндіктер бар деп сендірді.
«Ол үшін Ұлттық қор бар, ел экономикасы бар, ол қиын кезеңде өте тиімді жұмыс істеуде», - деп толықтырды ол.
Естеріңізге сала кетейік, 11 ақпандағы кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы Үкіметке 2015 жылға арналған республикалық бюджетті 700 млрд теңгеге, яғни шығынды 10% оңтайландыруды, халық алдындағы әлеуметтік міндеттерді толығымен орындауды тапсырды.
Индира Кауметова