Парламент

Қазақстан оңтайландырылған бюджетті тиімді пайдалана алады - Т.Өмірзақов

Қазақстанда оңтайландырылған бюджетті барынша тиімді пайдалануға барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар бар, деп мәлімдеді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Тұрсынбек Өмірзақов.
Астана қаласы27 Ақпан , 13:35

 «Біз қазіргі қолда бар бюджетті тиімді пайдалана аламыз. Біз қазір экономикамыз үшін соншалықты маңызды емес, кейінгі уақытқа қалдыруға болатын жаңа жобалармен байланысты бағыттарды қысқартып жатырмыз. Жаңа  жобаларды жүзеге асырмаймыз, яғни тиімсіз жобаларды»,- деді депутат.

Халық қалаулысының сөзінше, бюджет шамамен 10 пайызға қысқарды. Ол шамамен 700 миллиард теңгенің көлемінде. 

«Бұл ретте бірінші кезекте әкімшілік шығындардың қысқартылғандығын айта кету керек. Үкімет біздің шығындарымызды шамамен 4 миллиардқа қысқартқалы отыр. Бұған қоса ұлттық компаниялдар да өздерінің шығындарын 7-ден 18 пайызға дейін азайтады», - деді Т.Өмірзақов.

 Индира Кауметова




Яндекс.Метрика