Халықаралық интеграция

И.Адырбеков: Қазақстан мен Словакия арасындағы қатынас жоғары деңгейдегі саяси диалогпен ерекшеленеді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Словак Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Петер Юзаны оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Ақпан , 17:37

Кездесуде екі елдің өзара қатынастары және парламентаралық байланыстарды өрістету мәселелері талқыланды. 

И.Адырбеков қазіргі кезде Қазақстан мен Словакия арасындағы екіжақты қатынастар жоғары деңгейдегі белсенді саяси үнқатысумен ерекшеленетінін әрі келісу-құқықтық база жасалғанын және оның одан әрі жетілдіріліп жатқанын атап өтті. Бұл ретте, Словак Республикасының Халық Кеңесінің Төрағасы П.Пашкидің 2013 жылғы маусымдағы Қазақстанға сапары екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты үдетуге ықпал етті.

Осыған байланысты, Елші Словакияның екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін нақтылады.

Кездесу барысында сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері талқыланды. 

 




Яндекс.Метрика