«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

В. Косарев: 2015 жылдың бюджетін оңтайландыру ҚР азаматтарының әлеуметтік жағдайына әсер етпейді

2015 жылдың бюджетін оңтайландыру ҚР азаматтарының әлеуметтік жағдайына әсер етпейді, деді ОКҚ брифингінде «Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі Владислав Косарев.
Нұр-Сұлтан27 Ақпан , 12:49

«Менің айтатыным, 2 күн  бұрын болған 2015 жылға арналған бюджетті оңтайландыру қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайына әсер етпейді. Барлық әлеуметтік бағдарламалар өз пішінінде қалды», - деді ол.

Фракция жетекшісі атап өткендей, Үкімет ешқандай салаға әсер етпейтін шығындарды оңтайландырды.

«Үкімет аталмыш шығындарды тапты, олар әлеуметтік жағдайға да, өндірістік салаға еш әсерін тигізбейді», - деді депутат.

Мәжілісмен атап өткендей, аталмыш жаңашылдықтар әлемдік нарықта мұнай бағасының құлдырауы кезінде өте қажетті.

«Бюджетті кішірейту саласына өзгерту қажеттілігі тууда, алайда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ел экономикада үлкен серпіннің болуын күтуде», - деді ол.

Косарев атап өткендей, «Нұрлы жол» бағдарламасы шағын және орта бизнестің ахуалын арнайы алаң дайындау арқылы 2-3 есеге өсіруге қауқарлы.

«Айта кетерлігім, 2015 жылға біз оптимистік көзқараспен қарауымыз керек», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика