Евразиялық одақ

Мәскеуде ЕАЭК-тің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру мәселесі қаралды

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия колегиясы жанындағы Электр энергетика жөніндегі консультативті комиссияның отырысында Еуразиялық экономикалық кеңесінің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастырумен байланысты бірқатар мәселелері талқыланды. Отырысқа Еуразиялық экономикалық комиссия колегиясының Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі колегия мүшесі Тайыр Мансұров төрағалық етті.
Әлемде27 Ақпан , 15:19

Отырысқа Армения, Белоруссия, Қазақстан, Ресей сияқты бірқатар мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволарының және бизнес-қайымдастықтардың өкілдері қатысты. «Консултативті кеңестің  мәжілісін ашқан Тайыр Мансұров, ЕАЭК-нің келісімінде энергетикалық саясат бағытындағы мақсат-міндеттері нақты көрсетілген.  Онда ортақ электр энергетикалық нарықты қалыптастыру ісін осы уақытта қызмет етіп жатқан электр энергетикалық жүйелерге пара-пар әрі кезең-кезеңімен жүргізу басым бағыт ретінде қарастырылған.  Сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің бір-бірінің электроэнергетика саласындағы табиғи монополия субьектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету де басым бағыттардың  бірі ретінде қарастырылады»,-делінген Еуразиялық экономикалық комиссияның хабарламасында.    

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаментінің директоры Виктор Мясник мәжіліске қатысушылардың алдына ортақ электроэнегретикалық нарық қалыптастырудың  Тұжырымдамасының жобасын ұсынды. Мәжілісте сондай-ақ ЕЭК-ға қатысушы елдердің атқару комитетінің органындағы кадрлық және құрылымдық өзгерістердің орын алуына байланысты Кеңестің ортақ электроэнергетикалық нарығын қалыптастыру комитетінің жаңартылған құрамы да бекітілді. 

  Осы ретте айта кету керек ЕАЭК-нің 2014 жылдың 19 мамырындағы келісімінің 81-ші және 104-ші тармақтары кеңеске мүше мемлекеттердің ортақ электроэнергетикалық нарығын қалыптастыру жөніндегі Жоғары Еуразиялық Экономикалық Кеңеспен келісілген Тұжырымдамасын 2015 жылдың 1-шілдесіне дейін дайындап, 2016 жылдың 1-ші шілдесіне дейін Тұжырымдама бойынша арнайы бағдарламаны дайындау қажеттігі айтылған. 




Яндекс.Метрика