Парламент

Мәжіліс Бюросында Палата жалпы отырысының күн тәртібі талқыланды

Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Астана қаласы27 Ақпан , 17:23

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, халық қалаулыларының назарына Беларуссиямен реадмиссия туралы келісімді, Вьетнам мемлекеті үкіметімен табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді, сондай-ақ, Мажарстанмен ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялауға қатысты заң жобалары ұсынылып отыр.

Жалпы отырыстың күн тәртібі жобасында сондай-ақ, білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы қамтылған.
 




Яндекс.Метрика