Басқару

2014 жылы меморгандардың бірінші басшылары мен депутаттар 26 мыңға жуық қабылдау өткізді

2014 жылы меморгандардың бірінші басшылары мен депутаттардың жеке қабылдауларының саны 26 мыңға жуықтады.
Астана қаласы27 Ақпан , 20:24

 «Нұр Отан» хабарлағандай, 241 қоғамдық қабылдау қызметінің арқасында бүкіл ел аумағында халықпен өзара байланыс желісі жолға қойылып, бұл тіптен, ауылға дейінгі аралықтағы мәселелерді шұғыл шешуге мүмкіндік беруде.

«2014 жылы меморгандардың бірінші басшылары мен депутаттардың жеке қабылдауларының көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 7 есе көп көрсеткішке жетіп, 26 мыңға жуықтады. Республикалық қабылдаудағы әрбір 4-ші қабылдау министрлер мен агенттік төрағаларының қатысуымен ұйымдастырылған. Барлық деңгейдің әкімдері 3 мыңға жуық қабылдау өткізді. Жалпылай алғанда, былтырғы жылы азаматтардың 85 мың өтінім қаралды», - делінген хабарламада.

Өтініштердің талдама барысы негізгі мәселелердің әлеуметтік сипатта екендігін анықтап берді. Яғни, тұрғын үй мен жер телімін бөлу, жұмысқа орналасу мен жалақының төленбеуі, ипотекашылар мен шағын бизнестің мәселелері, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының жұмысына арыз-шағымдар.

Отырыс барысында «Электрондық партия» жобасының іске асырылуының орталық және жергілікті жерлердегі органдардың бірінші басшыларының халыққа қол жетімділігін арттырғаны атап өтілді.

Жеке қабылдаулар бейнеконференциялық байланыс арқылы ұйымдастырылуда. Айталық, қабылдауларға телефон немесе е-партия арқылы жазылуға болады. Аталмыш функцияның арқасында қашықтағы ауылдардың тұрғындары орталық мемлекеттік органдар басшылары, Парламент депутаттарынан мән-жайға қанығып, өз сұрақтарына тұщымды жауаптар ала алады. 50 пошталық бөлімшеде электрондық қоғамдық қабылдауға қол жеткізу пункттары ашылды.

Бұдан бөлек, партияның дамуы мен тұрғындармен жұмыс тиімділігін арттыру үшін ішкі бақылау мен азаматтар өтінімдеріне дер кезінде назар аударту талабы күшейтілді.

Ағымдағы жылы азаматтарды ең көкейкесті мәселелер бойынша қабылдау тоқсандық негізде жүргізілетін болады. Өтінімдердің қаралу мерзімін қысқарту үшін партияның қоғамдық қабылдауларында «бір терезе» ұстанымы бойынша тұрақты түрде тақырыптық қабылдаулар өткізіліп тұрады. Электрондық және телефон сауалнамалары, анонимдік «MysteryShopping» тексерістері арқылы азаматтардың қабылдаулар жұмысына қанағаттану деңгейін мониторингілеу жүйесі енгізілді.

 

 




Яндекс.Метрика