Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Конституциясының жаңа жобасын Қазақстандағы заң ғылымдарының үздіктері жасақтады- сарапшы (ВИДЕО)

ҚР Конституциясының жаңа жобасын 1995 жылдары Қазақстандағы заң ғылымдарының үздіктері жасақтады. Бұл туралы Strategy2050.kz АҚ берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Тұңғыш Президенті музейі директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова хабарлады.
Астана қаласы 27 Ақпан, 16:07

«Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған еліміздің негізгі заңын жасақтаушылардың жұмыс тобына Қазақтандағы заң ғылымдарының үздіктері топтастырылды, бұл заң қазақстандық қоғамның дамуының өзіндік көрсеткіші болып табылады», - деді  Кайыпова.

ТПМ директоры орынбасарының айтуынша, Конституцияның негізгі принціпі халықтық егемендік болып табылады, яғни оның құқығы мен міндеті.

«Біз дамудамыз, яғни эволюция жолымен бірте-бірте дамудамыз, осы тұрғыда біздің төлқұжатымыз, Ата заңымыз, мемлекеттік-құқықтық құжатымыз Қазақстан қоғамның дамуының айқын көрінісі», - деп жалғастырды Б. Каипова.

Сонымен қатар, сарапшы хабарлағандай, халықтық егемендіктің приціпі, яғни биліктің жалғыз көзі халық болғанда  - азаматтар қоғамы мен қоғамдық институттардың негізі болып табылады.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика