Ұлттың денсаулығы

ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына 2015 жылы медициналық және оңалту көмектері үздік клиникаларда көрсетіледі - ДСӘДМ

2015 жылы Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлері мен қатысушыларына медициналық және оңалту көмектері ұлттық ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ведомствоға қарасты ұйымдарында көрсетіледі.
Астана қаласы27 Ақпан , 19:24

Аталған орталықтар кардиологиялық, офтальмологиялық, онкологиялық және өзге де әлеуметтік маңызды аурулар бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

«Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне стационарлық көмек Астана мен Алматы қалаларында орналасқан 2 арнаулы республикалық госпитальде, сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматыдағы «Қазақстан» шипажайында көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Аталған клиникаларда емделуге жолдамалар алу үшін өңірлік емханаларға хабарласу керек. Оларда ыңғайлы болу үшін жекеше тіркеу бөлімі ашылып, жеке мамандар бөлінген.  

Ауырып қалғанда немесе жағдай ауыр кезде жоспарлы емделуге жолдаманы рәсімдеу үшін науқасты қарап, зертханалық тексеру жасау үшін учаскелік дәрігерді үйге шақыру керек.  

Айта кетейік, ағымдағы жылғы 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Тамара Дүйсенова ҚР ДСӘДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдегенін естеріңізге саламыз.  

 

 




Яндекс.Метрика