EXPO-2017

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы «Қазақстандағы ең үздік туристік бағдар» байқауының басталғанын жариялады

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы «Қазақстандағы ең үздік туристік бағдар» байқауына өтініш қабылдау басталғанын хабарлайды. Байқауға қатысуға Қазақстан Республикасының барлық қалалары мен аймақтарының туристік операторлары шақырылады.
Казахстан27 Ақпан , 15:03

Байқауға қатысу  ережесі  Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі келушілеріне арналған Қазақстандағы үздік туристік бағдарларға сайыс (бұдан әрі – сайыс) шарттарын, сайысқа қатысушыларға және туристік бағдарлар жобаларына қойылатын талаптарды, сондай-ақ туристік бағдар жобаларын қарау және сайыстың қорытындысын шығару тәртібін анықтайды, деп хабарлады Ұлттық компания.

Сайыс мақсаты Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне (бұдан әрі – Көрме) туристік қауымдастығының қызығушылығын арттыру және Көрме келушілеріне туристік өнімдерді қалыптастыру болып табылады.

Сайысқа қатысуға осы Ереженің 3 тарауында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін туристік бағдарлардың жобалары қабылданады.Сайыс келесідей номинацияларда өткізіледі: үздік сититур, үздік экологиялық туристік бағдар, үздік тарихи туристік бағдар, үздік экстремалдық туристік бағдар, үздік мәдени-танымдық туристік бағдар, жібек жолы бойынша үздік туристік бағдар, үздік отбасылық тур, үздік VIP туристік бағдар, үздік тосқауылсыз туристік бағдар, үздік инновациялық туристік бағдар.

Сайысқа қатысушылар номинацияланған туристік бағдарлар жобалары шеңберінде ЭКСПО-2017 дайындау мен өткізу кезеңіне туристерді тарту үдерісіне жұмылдырылатын болады.

Өтініштер 2015 жылдың 26-ші ақпанынан бастап 26-ші наурызға дейін қабылданады.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика