Өңірлер

Қазақстанда 25 шаруашылық органикалық өндіріспен айналысуда - АШМ

Қазақстанның 3 аймағындағы 25 шаруашылық органикалық өндіріспен айналысуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев.
Нұр-Сұлтан27 Ақпан , 10:39

«Қазақстанның органикалық ауыл шаруашылығы қозғалысы федерациясының мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанда органикалық өндіріспен еліміздің Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан сияқты 3 облысында 25 шаруашылық айналысады»,-деді Е.Көшербаев органикалық ауыл шаруашылығын дамытуды қолдау мен Қазақстанның институционалды әлеуетін арттыруға бағытталған семинарда.

Вице-министрдің айтуынша, еліміздегі органикалық ауыл шаруашылығымен айналысатын алқап көлемі 296 гектарды құрап отыр.  

«Бүгінгі таңда органикалық шаруашылықты дамытуға кедергі болып отырған басты мәселе арнайы заңнаманың жоқтығы. Арнайы заңнама органикалық шаруашылықтың дамуын ынталандырып, оған  халықаралық деңгейде қойлатын талаптардың да талапқа сай болуын қамтамасыз ететін еді»,- дейді Е.Көшербаев.

Оның мәліметтерінше, 2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған егістік көлемі республикада 21,4 миллион гектарды құрады. Ал 2018 жылы еліміздегі егістік алқаптары 22,5 миллион гектарды құрайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан -2050» стратегиясында Мемлекет басшысы еліміздің алдына экологиялық таза өнімдер шығаратын ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер қалыптастыруды міндет етіп қойған болатын.   

Камила Амирова




Яндекс.Метрика