Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Аршалы ауданында ЖҚЖК аясында 100-ден астам жұмыс орны ашылды

Аршалы ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында 2014 жылы 103 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола27 Ақпан , 18:23

«Аршалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Гүлзада Жекебаеваның айтуынша, 2014 жылы жұмыспен қамту саласындағы өсім 89,9 пайызды құрады. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға көп. 

 Сондай-ақ оның сөзінше, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша,  35,3 миллион теңгеге Жастар орталығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша өз ісін ашу мақсатында ауданның  19 тұрғыны 53 миллион теңге көлемінде несие алды.   

 «Үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 46 адам жіберіліп, жастар тәжірибесіне 24, кадрларды қайта дайындауға -7, экскаватор машинисті, тігіп-пішуші, массажист сияқты мамандақтары бойынша 3 адам кәсіби кадрлар дайындауға жіберілді. Ауданда 214 жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар бар. Олардың барлығымен ұжымдық келісімдер жасалды»,-деді мекеме жетекшісі.

Сондай-ақ оның мәліметтері бойынша, 336 мың 400 теңге көлеміндегі атаулы әлеуметтік көмек 2014 жылы ауданның 37 тұрғынына (9 отбасы) берілген. Бүгінгі таңда ауданды  18-ге дейін бала асырап отырған отбасылар саны 95-ті құрайды. Олардың 256 өкілі 2,8 миллион теңге көлемінде мемлекеттен жәрдемақы алады.  Бұған қоса 2014 жылдан бастап ауданда «Өрлеу» бағдарламасы үзеге асырылуда. Әлеуметтік келісімдермен (110 мүшесі бар) 28 отбасы қамтылып, 33 адам белсенді жұмыспен қамтылды. Бұл бағыттағы шартты қаржылай көмек құны 2,5 миллион теңгені құрады.     




Яндекс.Метрика