Басқару

Ақмола облысында қоғамның өзекті мәселелерін талқылайтын диалогтік алаң құрылды

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Нүркенов саяси партия, этнобейімді бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақмола27 Ақпан , 12:36

Өз сөзінде Н.Нүркенов азаматтық қоғам мен билік арасында орныққан  ынтымақтастық пен серіктестік әлеуметтік-экономикалық  дамуға оң ықпал береді, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, қоғамды қоғамдық келісім тудыратындығын айтты.

Қатысушылар жергілікті атқарушы органдардың  білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік тіл мен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша тиімді ынтымақтастық орнатылғанын айтып өтті.

ІСБ хабарлағандай, кездесуге қатысушылардың негізгі тақырыптары ономастика, визуалды ақпарат, ауылдарды дамыту, ҮЕҰ баспа газеттерін қолдау, мерейлік мерекелерді тойлау сынды сұрақтар болды. 




Яндекс.Метрика