Адами капитал

Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары парашютпен секірді (Фото)

ҚР ҚМ Құрлық әскерлері әскери институтының екінші және төртінші курсының курсанттары парашютпен секіру әдісін меңгеруде.
Астана қаласы 27 Ақпан, 20:42

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, курсанттардан 800 метрлік биіктіктен шартты қарсыласының тылына түсу, жинақталып, тактикалық даярлыққа сәйкес стратегиялық нысандарды басып алу іс-қимылдарын орындау талап етілді. Курсанттармен бірге 1 500 метрлік биіктіктен офицерлер мен нұсқаушылар секіріп, «Бүркіт» жаңа парашют жүйесін қолданыста тексеріп көрді.

Осылайша тәжірибе сабақтарына жалпы саны 100-ге жуық адам қатысты. ҚР ҚМ Құрлық әскерлері әскери институты бастығының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Руслан Қабдулинов биіктіктен секіруді орындау барысында барлық ережелер мен тәртіптің сақталуын қадағалады.

Парашютпен секіру десант әскерлері мен арнайы бөлімшелердің әскери қызметшілерін даярлаудың оқу бағдарламасында қарастырылған. Төрт жыл ішінде осы мамандық бойынша әр курсант 24 рет секіреді.  ҚР ҚМ Құрлық әскерлерінің әскери институты  - Қазақстанның үш жоғарғы әскери оқу орнының бірі, бұл оқу орнында 10-нан аса мамандықтар бойынша ҚР Қарулы Күштері үшін білікті әскери кадрларды даярлау жүзеге асырылады. 
 





Яндекс.Метрика