Ұлтаралық бірлік

ШҚО-да ҚХА-ның 20 жылдығына арналған «Біздің күш-қуатымыз достықта!» фотокөрмесі өтті

Риддерде «Біздің күш-қуатымыз достықта!» фотокөрмесі өтті, шараны Достық үйі ҚХА 20 жылдығына орай ұйымдастырып отыр.
Шығыс Қазақстан27 Ақпан , 12:21

ШҚО Ақпараттық орталығы хабарлағандай, фотокөрмеде қаланың этномәдени бірлестіктерінің жұмыстары таныстырылды, Риддердің пейзажды көріністері мен тарихи және мәдени  ескерткіштерінің суреттері қойылды.

Фотокөрмені ашу барысында ШҚО-дағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Кәсіпкерлер палатасының Риддер филиалының төрағасы В.Русин біздің еліміздің  ең басты құндылығы – ұлтаралық келісім мен халықтардың бірлігі екендігін айтты. (Аталмыш шара өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттықа тәрбиелейді», - деді ол.

Ашылу салтанатында қала қоғамы  кеңесінің  өкілдері, студенттер мен білім беру және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

 




Яндекс.Метрика