Басқару

2014 жылы республикалық бюджеттің табыстық бөлігі 99,3%-ға орындалды - Сұлтанов

2014 жылы республикалық бюджеттің табыстық бөлігі 99,3%-ға орындалды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының қаржы министрі Бахыт Сұлтанов 2014 жылдың қорытындысы бойынша коллегия отырысында.
Нұр-Сұлтан27 Ақпан , 12:06

Министр атап өткендей, 2014 жылы республикалық бюджеттің табысы 8% артты. Есепті кезеңде шығындарды игеру пайызы 2013 жылмен салыстырғанда жоғары болды, республикалық бюджет бойынша жоспарланғанның  99,3% игерілді. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша   99,4% және жергілікті бюджет бойынша   99,5% қарады.

 «Біз «ерекше кезеңде» тұрмыз. Біздің ведомство  жұмысының басты бағыты  қазыналық бөлікте резервтерді іздестіру, мемлекеттік бюджеттің тиімді игерілуін қамтамасыз ету, оны қадағалау, бизнестің дамуына жағдай жасау», - деді Б.Сұлтанов.

Қаржы министрлігінің басшысы еске салып өткендей, ҚР Президенті 11 ақпанда Үкіметтік кеңейтілген отырысында барлық атқарушы биліктің жұмысының бір ізділігінің маңыздылығын атап өткен боалтын. «Президент бізден нақты нәтиже күтіп отыр», - деп баса айтты ол.

Оның айтуынша, заңнамалық процестерді жеңілдету нәтижесінде мемлекеттік сатып алу салаларына бұзушылық сомасы 28% қысқарды (2013 жылдағы 287,2 млрд теңгеге қарсы 207,5 млрд теңге). Сонымен қатар, жолданған негіздемелерге сүйене отырып 344 байқау бойынша нәтижелер қайта қаралды.

Әр құқық бұзушылық бойынша шаралар қабылданып, тиісті тұлғалар жауапқа тартылды. 2014 жылы қабылданған шаралар аясында бюджетке 206,9 млрд теңгеден астам қаржы қайтарылды  (2013ж.  133,4 млрд теңге).

«Қазынашылық құқықбұзушылықтарды алдын алу шараларын нығайту және әкімшілік салық салуды жақсарту маңызды», - деді Бақыт Сұлтанов.

Ведомсвто басшысы 2015 жылға арналған міндеттерді тілге тиек ете отырып министрліктің Қазақстандағы бизнес климатты жақсартудағы ролін атап өтті. «Мемлекеттік табыс комитетінің жұмысы салық төлемдерін алу және бюджетті толтыру ғана емес, қолайлы бизнес ортаны қалыптастыру бойынша жұмыстарды жандандыру керек, сонымен қатар қызметтердің автоматтандыру жұмыстарыда күшейтілуі керек», - деп толықтырды Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар, бизнеске қолдау көрсету аясында коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіру жұмыстары белсендірек жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда жекешелендірудің екінші кезеңінде нысандардың 70%-дан астамы коммуналдық меншікте, деп толықтырды министр.    

Бұдан басқа, ведомство заңнамалық базаны нығайту бойныша жұмыстарды жалғастырады.




Яндекс.Метрика