Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін онлайн қолдау қызметі құрылады

2015 жылғы 1 мамырдан бастап мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық көмек көрсету үшін онлайн қолдау қызметі жұмыс жасай бастайды, деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Казахстан27 Ақпан , 11:51

Қызмет жұмысын білікті психолог мамандарды тарта отырып, «SKYPE» бағдарламасының көмегімен ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл шара мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға үйлерінен шықпай-ақ, кәсіби білікті кеңес алуға мүмкіндік береді.     

Ағымдағы жылғы 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Тамара Дүйсенова ҚР ДСӘДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдегенін естеріңізге саламыз.   




Яндекс.Метрика